АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

ПОДЕЛИТЬСЯ

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы Конституциялық Заңына сәйкес, 2023 жылғы 19 наурыздағы кезектен тыс  сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы «Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығы негізінде «Effective Media Liaison» ЖШС – «­https://massaget.kz/ және https://tengrinews.kz/» сайттарының (бұдан әрі – Сайт немесе Сайттар) иесі 2023 жылдың «19» наурызға белгіленген кезектен тыс сайлауда:

- Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына;

- бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларына;

- мәслихат депутаттарына облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларына (бұдан әрі – Кандидат) сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдарын (бұдан әрі – үгіт-насихат материалдары) Сайтқа орналастыру үшін Интернет алаңдарын ұсыну төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы ақпарат береді.

Кандидаттардың сайлауалды үгіті 2023 жылғы 18 ақпанда сағат 18:00-ден басталып, 2023 жылғы 18 наурызда сағат 00:00-ге дейін жалғасады, осылайша үгіт материалдарын эфирде орналастыру Сайтта көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.

Сайт жазбаша өтініш пен сайттың меншік иесі мен Кандидат немесе Кандидаттың уәкілетті өкілі арасында жасалатын шарт негізінде Интернет алаңын ұсынады. Үгіт-насихат материалдарының саны мен орналастыру кезеңі Кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар шартта белгіленеді.

Өтініш Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезек тәртібімен, әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір мен өтініштің келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) Өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;

4) шарт жасасу үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру тәртібі жазбаша өтініштерді қабылдау немесе өтініштер бір мезгілде түскен жағдайда жеребе бойынша қабылдау арқылы белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын Сайт анықтайды.

Сайтқа үгіт материалдары орналастырылған күнге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады. Үгіт материалдарында қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпарат және ақпаратты берген тұлғаның аты-жөні көрсетілуі тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне өздері жауапты болады.

Сайт иесі үгіт материалдарында конституция құрылысын күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық өшпенділік, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа жол беру, заңда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құру, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мәжіліс/маслихат депутаттығына үміткер басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін мәліметтер болса, үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.  Үміткер Сайт иесінің талабы бойынша жоғарыда сипатталған материалдарда қамтылған ақпаратты растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Осы ақпарат хабарламасында көрсетілген Интернет кеңістігін ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Жарияланған мәтіндік материалдар Desktop нұсқасында, мобильді нұсқада және Сайттың мобильді қосымшасында қолжетімді болады. Жариялауға мемлекеттік және орыс тілдеріндегі дайын материалдар қабылданады.

 Сайтта үгіт материалдарын орналастырғаны үшін жасалған шарт бойынша ақы төлеу шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сайттың меншік иесі ұсынған төлем шотының негізінде жүзеге асырылады.

 Кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтқа орналастыруға жазбаша өтініштерді сайттың меншік иесі тіркелген кандидаттардан:

  • 2023 жылғы 15 ақпаннан бастап 2023 жылғы 28 ақпаның қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Алматы қаласы, Мыңбаев көшесі, 151-үй (тоғызыншы қабат) мекенжайы бойынша қабылдайды.
  • 2023 жылғы 01 наурыздан бастап 2023 жылғы 15 наурызды қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 88 мекенжай бойынша қабылдайды.

 Өтініштер күн сайын, жұмыс күндері 10 сағат 00 минуттан 17 сағат 00 минутқа дейін қабылданады. Факспен және Интернет байланысы арқылы жазбаша өтініштер қабылданбайды. Барлық материалдар «Үгіт материалы ......... төленген» белгісімен сүйемелденеді.

«Effective Media Liaison» ЖШС директоры                             Алдабергенов А.О.

 

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети