"Заң керуені": Абай ауданында 500-ге жуық тұрғынға заңгерлік кеңес берілді
Шымкент қаласында кезекті "Заң керуені" акциясы Абай ауданында өтті. Республикалық акция шеңберінде Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары Нұржан Сейдалиев, Абай ауданының прокуроры Жасұлан Әділбайұлы, аудан әкімі Бұхарбай Парманов және көшпелі мобильді топ өкілдері тұрғындардың мәселесін тыңдап, құқықтық және заңгерлік кеңестерін берді.
09 қараша 2022
Достық шағынауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді
Бүгін Шымкент қаласы Достық шағын ауданында 300 орынға арналған жаңа мектеп ашылды. "Жан-Нұр" жалпы білім беретін мектебінің ашылуына Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов пен Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қатысты.
09 қараша 2022
Бекзат күрес - Шымкент кілемінде
Жеңіл атлетикалық манеж кешенінде қазақ күресінен жастар арасында Шымкент қаласы әкімінің кубогына арналған республикалық турнир өтіп жатыр.
09 қараша 2022
Айбынды жастар - Жаңа Қазақстанның тірегі
"Мемлекет іргесінің берік болуы — батыл да айбатты, ержүрек жауынгерлердің қолында". Тарихи өлкетану мұражайында өткен "Айбынды жастар – Жаңа Қазақстанның тірегі" атты әскери-патриоттық іс-шарасында ҚР Қарулы Күштері ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серікбай Онбаев осылай деді. Ерлік сабағына "Жас сарбаздар" кадет мектебінен⠀60-қа жуық оқушы қатысты.
Алтынтөбеде тұрғындардың өзекті мәселелері шешімін тауып жатыр
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының аясында барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен тұрақты түрде кездесіп, тығыз байланыста жұмыс істеуі жолға қойылған.
БҚО әкімі "Әлеумет" кешенді орталығының жұмысымен танысты
Осыдан дәл төрт ай жарым бұрын Орал қаласында "Әлеумет" кешенді орталығы ашылған еді. Бүгін ашылған күні келіскендей Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев кешеннің күнделікті тұрмыс-тіршілігімен танысуға барды.