11 мамыр 2020 11:07

15 мың теңге. Қазақстанда коммуналдық қызмет ақысы өтелетіндердің тізімі кеңейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгені өтейтіндердің тізімі кеңейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.


Қазақстанда коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгені өтейтіндердің тізімі кеңейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 9 мамырда карантин режимі кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Сол бойынша белгілі бір санаттағы адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді өтеу бойынша нормалар енгізілген.

- 1, 2, 3-топ мүгедектері;
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- көп балалы отбасылар;
- ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғызбасты зейнеткерлер;
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
- атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.

"Бұдан басқа, коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша төлемдерді жергілікті бюджеттен өтеген жағдайда әкімдіктерге алушылардың санатын, өтеу шарттары мен тәртібін анықтау бойынша мүмкіндік берілді", - делінген министрліктің хабарламасында.

"Өтінім беруге асықпауға болады". 15 мың теңге коммуналдық көмек қашаннан бастап төленеді?

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети