14 қаңтар 2020 10:03

2019 жылы мемлекеттік бюджеттің кірісі 15 пайызға өскен

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

2019 жыл мемлекет қазынасы үшін табысты болды, бюджетке түскен қаражат 15,5 пайызға өскен, - деп хабарлайды finprom.kz сайты. 


2019 жыл мемлекет қазынасы үшін табысты болды, бюджетке түскен қаражат 15,5 пайызға өскен, - деп хабарлайды finprom.kz сайты. 

2019 жылдың 11 айында мемлекет бюджетіне 11,5 триллион теңге табыс түскен. Бұл 2018 жылдың дәл осынша айынан кейінгі көрсеткіштен 15,5 пайызға көп. 2018 жылы бюджетке 10 триллион теңге түскен болатын. 

Трансферттерді есептемегенде, табыстар сомасы 8,5 триллион теңге болды, бұл бір жылда 15,3 пайызға өскен. Мемлекеттік бюджеттің жоспары 101,3 пайызға артық орындалған. 

11 айдың қорытындысы бойынша бюджеттің табыс көлемінің 71 пайызы салықтан болған. Мемлекеттік кірістің өсуіне салық түсімдерінің бір жылда 14,7 пайызға артуы себеп болып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети