KASE: Теңгенің долларға қатысты бағамы 345,63-ке тең

18 Наурыз 2016, 11:16
0
KASE: Теңгенің долларға қатысты бағамы 345,63-ке тең - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

KASE қор биржасының таңғы сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 345,63-ке тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

18 наурыздағы сессия кезінде ең төменгі келісім 344,85 теңгемен, жоғарысы 346,25 теңгемен жасалды. Сауда көлемі 17,4 миллион доллар болды. Сессия барысында 39 келісім жасалды. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары шетел валютасын 344-347 теңге аралығында саудалап жатыр.

Айта кетейік, 17 наурыздағы таңғы сессия 347,69 теңге қорытындысымен жабылған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай