11 сәуір 2022 | 14:35

Абайсызда басқа адамға ақша аударып жібергенде не істеу керек? Заңгер түсіндірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Мобильді қосымшалар арқылы үйде отырып-ақ ақша аудару уақытты үнемдейді әрі бұл әрекет тез жүзеге асады. Сондықтан қазір көпшілігі ұялы телефоннан ақша аударуды жөн көреді. Дегенмен адам түрлі себеппен байқамай біреудің шотына ақша аударып жіберуі мүмкін. Мысалы, былтыр қазанда Қызылорда тұрғыны құрбысының шотына миллион теңге аударғысы келген. Бірақ соңғы 4 санды қате жазған. Осылайша, ақша Қостанай облысы тұрғынының шотына түсіп кеткен. Tengrinews.kz тілшісі заңгер Маулен Спанкуловпен сөйлесіп, мұндай жағдайда не істеу керегін сұрады.

Иконка комментария блок соц сети

Ең алдымен, заңгер абайсызда ақшаны басқа біреудің шотына аударып жібергенде не істеу керегін түсіндірді.

"Белгілі бір шотқа ақша аударған кезде бір нөмірден қате кетсе, алдымен ақша жіберген банк бөлімшесіне барып, арыз жазу қажет. Арызда қандай шотқа, нөмірге аударғаныңызды, қанша жібергеніңізді көрсету керек немесе "осындай шот нөміріне жібердім, ол кімге тиесілі?" деп жазуыңызға болады", - деді заңгер.

Маман түрлі жағдай болуы мүмкін екенін атап өтті. Кейде адам бұл жағдайда бірінші өзі әрекет етіп, байқамай аударып қойған адамнан қайтаруын талап етеді. Ал екінші тарап ешқандай ақша түспегенін айтуы, телефонын сөндіріп, нөмірді бұғаттап тастауы мүмкін. Заңгер бұл жағдайда ҚР Азаматтық Кодексінің 953-бабына сәйкес арыз жазуға болатынын айтты.

"Сотқа арыз жазу үшін өзіңіз туралы толық ақпарат керек. Сонымен қатар, үстінен шағым түсіретін адамның аты-жөні, ЖСН, мекенжай, телефон нөмірлері қажет. Одан бөлек ақша жібергеніңізді дәлелдейтін түбіртекті құжаттар қатарына бірге тіркеу керек. Осы мәліметтер айғақ ретінде көмектесе алады", - деді маман.

Маулен Спанкулов бұл жағдайда ең алдымен, банкке жүгіну мәселені айтарлықтай жеңілдететінін айтады. Сонымен қатар, заңгер байқамай аударылған ақшадан бөлек, басқа да шығындарды өндіру мүмкіндігі туралы айтты. 

"Сот шығыны ретінде көрсетсеңіз, өндіріп алуға болады. Бұл жағдайдың алдын алу үшін бірнеше мәрте тексеріп алу қажет. Себебі көпшілігі асығып, қарамай жіберіп қоюы мүмкін. Сондықтан реквизиттерді толық қарап шығу қажет", - деп кеңес берді заңгер.

@spankulov.maulen

♬ оригинальный звук - Маулен Спанкулов

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети