17 желтоқсан 2014 21:21

Әлемнің ең тұрақсыз валюталары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©fresher.ru ©fresher.ru

2014 жылғы 16 желтоқсан күні евро тұңғыш рет 100 рубльдік межеге дейін көтерілді, іскерлік ақпарат құралдары мұны "психологиялық барьер" деп атады. Рубльдің тұрақсыздануы кезінде Fresher.ru порталы әлемнің сенімсіз валюталарына шолу жасады. 


2014 жылғы 16 желтоқсан күні евро тұңғыш рет 100 рубльдік межеге дейін көтерілді, іскерлік ақпарат құралдары мұны "психологиялық барьер" деп атады. Рубльдің тұрақсыздануы кезінде Fresher.ru порталы әлемнің сенімсіз валюталарына шолу жасады. 

Добра, Сан-Томе мен Принсипи

Гвинея шығанағындағы африкалық кішкентай арал-мемлекеттің валютасы - әлемдегі ең тұрақсыз ақшалардың бірі. Қазір 1 евроның ресми бағамы - 25 мың добраға жуық. Елде айырбастың қара нарығы бар, ол жерде бағамның 30 пайызға айырмашылығы болады. Соған қарамастан, добра купюралары әлемдегі ең әдемі ақшалардың бірі саналады.

Донг, Вьетнам

Бүгінде 1 евро 26 мың Вьетнам донгы тұрады. Елдің ақша айналымындағы ең үлкен банкнот - 500 мың донг. Туристерден доллармен есеп айырысу сұралады, себебі жергілікті тұрғындар донгқа сенбейді. 

Риал, Иран

Иранда 1979 жылы болған ислам төңкерісі кезінде риал құлдырады, инвесторлар елдегі бар қаражатын алып кетті. Содан бері Иранда инфляция деңгейі жоғары. Иран үкіметінің экономиканы тұрақтандыруға күш салуына қарамастан, риал үнемі құнсызданып отырады. 1 евро қазір 33 мың риалдан асып кетеді.

Рупия, Индонезия

Индонезияда ақша айырбасының қара нарығы жақсы дамыған, аралдар арасында үздіксіз бәсекелестік бар, елде 1977 жылдан бері қаржы дағдарысы бар, күріш алқаптары өнім бермей келеді - осының бәрі жергілікті валютаның тұрақтануына кедергі келтіреді. Бүгінде елде 1 евро 15 мың рупия тұрады.

Квача, Замбия

Замбия экономикасы мыс экспортына шамадан тыс тәуелді. Бұған қоса, елдің сыртқы қарызы да шектен шығып кеткен. Елде жеке компаниялар ұлттандырылған. Жуырда Замбияда осы ахуалдарды өзгертуге бағытталған реформалар жүргізілді, бірақ квача бәрібір тұрақсыз валюта болып тұр: 1 евро 600 квачаға жуық.

Гуарани, Парагвай

Парагвайда жемқорлық деңгейі тым жоғары, қара базарлар көп, инфляция ырық бермей тұр. Сол себепті гуарани нығаймай келеді. Елдегі ең ірі банкнот - 100 мың гуарани, бірақ елде бұл купюралардың көбі жалған ақша болып шығуы мүмкін. Қазір тұрғындар 1 евроны 6000-ға жуық гуараниге сатып алады.

Доллар, Зимбабве

Зимбабве долларын АҚШ долларымен әсте салыстыруға келмейді. Қазір елде 1 евро 468 646 доллар тұрады. Ол да - әлемдегі ең тұрақсыз ақшалардың бірі.

  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети