05 желтоқсан 2017 09:37

Алматы көшелеріндегі қайыршылар қанша ақша табады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube.com © youtube.com

YouTube хостингіндегі САША В ТЕМЕ арнасы Алматыда қызық эксперимент өткізді.


YouTube хостингіндегі САША В ТЕМЕ арнасы Алматыда қызық эксперимент өткізді.

"Мен көшедегі қайыршылардың үш түрлі рөлін сомдап көрдім. Олардың айына қанша ақша табатынын білдім. Нәтиже мені таңғалдырды", - деп жазған автор видеоның сипаттамасында.

Блогер бастапқыда көше музыкантының образында болды. Осылайша, ол Панфилов көшесінде гитарамен ән айтып тұрып, жарты сағатта 2 790 теңге тапты.

Сосын ол Абай көшесіндегі Орталық стадионның аялдамасына барып отырды. Мұнда ол жұмысынан айырылған, бірақ отбасын асырауы керек ер адамның рөлінде болды. Блогер аялдамада отырып, 1 090 теңге жинады.

Ал үшінші образында ол  "Ресей" дүкенінің маңынан өтіп бара жатқандарға кештердің бірінде әмияны мен ұялы телефонын жоғалтып алғаны жайлы айтқан. Осылайша, ол осы жерде 2 050 теңге тапқан.

Ролик соңында автор күніне айына 20 күн және күніне 8 сағат қайыршылықпен айналыссаң, біраз ақша табуға болатынын айтады. Яғни, көшедегі музыкант айына шамамен 890 мың теңге, "ұрлықтың құрбаны болған адам" 819 мың теңге, ал аянышты образда отырған қайыршы 348 мың теңге таба алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети