03 мамыр 2016 16:20

Алматыда инновациялық бизнес-идея ұсынған кәсіпкер 3 миллион теңгеге ие болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Futurcriterio.pt © Futurcriterio.pt

Алматыда инновациялық бизнес-идея ұсынған кәсіпкер 3 миллион теңгеге ие бола алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына сілтеме жасап.


Алматыда инновациялық бизнес-идея ұсынған кәсіпкер 3 миллион теңгеге ие бола алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына сілтеме жасап.

Қала әкімдігі "Бизнестің жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырған конкурс басталды. Оған бизнесті жаңадан бастаған кәсіпкерлер, мүгедектер тобына жататын еңбекке жарамсыз азаматтар, сонымен қатар, 50 жастан асқан адамдар қатыса алады. Конкурс жеңімпаздарына бизнесті дамыту үшін мемлекеттік грант беріледі.

Конкурсқа қатысу үшін ерекше әрі жаңа бизнес-жоба ойластыру керек. "Тауарға немесе ұсынғалы отырған қызметке нарықтағы сұранысты есептеп, маркетингтік анализ де жасау керек. Жобаның сипаттамасында оның енгізілуге дайындығы жөнінде ақпарат болу тиіс", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жобаға қатысқысы келетіндер 2016 жылдың 1-15 маусым күндері Алматы әкімдігінің индустриалды-инновациялық даму бөліміне құжаттар тапсыра алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети