12 қараша 2019 09:26

Алматыда тағы да тариф көтеріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тағы да тариф көтеріледі. Бұл жолы "Алматы су" мекемесі кәріз су бағасын қымбаттатуды сұрап отыр, - деп хабарлайды КТК арнасы. 


Алматыда тағы да тариф көтеріледі. Бұл жолы "Алматы су" мекемесі кәріз су бағасын қымбаттатуды сұрап отыр, - деп хабарлайды КТК арнасы. 

Жаңа жылдан бастап шайынды суға тұрғындар бұрынғыдан 20 пайызға қымбат төлеуі мүмкін. Қазір қалада кәріз суының 1 текше метрі 26 теңге шамасында. Егер жаңа тариф бекітілсе, баға 33 теңге 69 тиынға дейін өседі. Ал суық су бағасы қымбаттамайды.

2025 жылға дейін тұтынушылар ауыз судың әр текше метріне бұрынғыша 50 теңге төлейді. Бірақ заңды тұлғаларға келер жылдан бастап суық су мен кәріз бағасы 10 пайызға қымбаттауы мүмкін. Қазір "Алматы су" алдағы бес жылға арналған бағаны бекітуді сұрап, монополияға қарсы агенттікке ұсыныс жасамақшы.

"Алдағы бес жылда судың бағасы өзгермейді. Осы қалыпта 50 теңге. Соңғы 1015 жылда ауыз су құбырларына көңіл бөліп жатырмыз, кәріз құбырларын ауыстырған жоқпыз. Осы жылы 15 шақырым ауыз су құбырын ауыстырдық. Кәріз ауыстырған жоқпыз. Сондықтан кәріз жүйесін жасау керек, модернизация жасау керек. Соған тарифті өсіруді сұрап жатырмыз", - дейді "Алматы су" МКК ресми өкілі Серік Шағыров.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети