Апта қорытындысы бойынша доллар бағамы 279 теңге деңгейінде қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Апта қорытындысы бойынша доллар бағамы 279 теңге деңгейінде қалды © Тұрар Қазанғапов

Апта қорытындысы бойынша доллар бағамы 279,89 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 30 қазан күнгі күндізгі сессия осындай нәтижемен аяқталды. Сонымен қатар, кешкі сессияда ешқандай келісім жасалған жоқ.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Апта қорытындысы бойынша доллар бағамы 279,89 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 30 қазан күнгі күндізгі сессия осындай нәтижемен аяқталды. Сонымен қатар, кешкі сессияда ешқандай келісім жасалған жоқ.

"Сауда нәтижелері бойынша, келісім жасалмады, сессияны жабу кезінде бағаны белгілеу болған жоқ", - делінген биржаның ресми сайтында.

Айта кетейік, Kurs.kz порталының мәліметтері бойынша, ақша айырбастау пункттерінде валюта 277,8-281,3 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ең төменгі баға Астанадағы ақша айырбастау орындарының бірінде, ал ең жоғары баға Алматыдағы ақша айырбастау орындарының бірінде тіркелді.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 26 қазанында KASE кешкі сессиясы бойынша доллар бағамы 279,2 теңге болды. Шетел валютасы мұндай деңгейге соңғы рет 2015 жылдың 18 қыркүйегінде көтерілген еді. Ол кезде доллар бағамы 279,48 теңге болды. Сонымен қатар, доллар бағамы 2015 жылдың 16 қыркүйегінде 285,77 теңгеге дейін көтерілді. Ақша айырбастау орындары долларды 300 теңгеден сата бастады. Сол кезде Ұлттық банк алғаш рет интервенция жүргізді. Интервенцияның құны 16 қыркүйекте 144 миллион доллар болды. Кейін ҚР Ұлттық банкі 2015 жылдың 31 қазанына дейін кемінде 3 миллиард АҚШ доллары сатылады деп хабарлады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети