16 шілде 2015 | 00:17

Астанадағы айырбастау пункттері қалай жұмыс істеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанада Tengrinews.kz тілшісі Республика даңғылы бойындағы айырбастау пункттеріндегі жағдаймен танысып қайтты.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада Tengrinews.kz тілшісі Республика даңғылы бойындағы айырбастау пункттеріндегі жағдаймен танысып қайтты.

Астана уақыты бойынша сағат 20:20. Республика даңғылындағы айырбастау пункттерінің көбісі жабық.

Валюта бағамы жазылған тақтайшалардағы жазулар сөніп қалған.

Кейбірі ертеңге дейін жұмыс істемейтіндерін жазып қойған. Дегенмен адамдар ашылып қалар деген үміттерін үзер емес. Олар "Ертеңге дейін шынымен ақша айырбастамай ма?" деген сұрақтар қойысып жатыр.

Енді біреуінде кезекте адамдар қаптап тұр. Себебі Республика даңғылы бойындағы басқа пунктерде доллар сатпайды немесе жабық. Адамдар бір-бірінен "сату, сатып алу бұрынғы диапазоннан асып кетпей ме?" деп сұрасып жатыр. "Ия" деген жауаптар да естілді. Кезекті көрген өткінші адамдар қызығушылық танытып та жатыр. Кейбірі кезегін күтіп тұр...

Мына пунктте доллардың теңгеге шаққандағы бағамы - 185,70 теңге және бір доллар 187,70 теңге (сату).

Айта кетейік, 15 шілдеде доллар бағамының өзгеру дәлізі 170-188-ден 170-198 теңгеге дейін өсті. Сонымен қатар, Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов валюталық жаңа дәлізге өтуден кейін теңгенің долларға шаққандағы бағамы алдағы айларда бұрынғы диапазонда болатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети