Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Келімбетов алдағы жарты жылда доллар бағамының қандай болатынын айтты

15 Шілде 2015, 14:37
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Ұлттық банк төрағасы рубльдің өзгеруі қазақстандық валютаға қалай әсер ететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада ҚР ҰБ төрағасы тілшілерге арналған брифингте қаржы секторындағы жағдайлар мен алғашқы жарты жылдықтың қорытындысын айтты.

Ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып, Қайрат Келімбетов алдағы алты айда валюта нарығының жағдайы қандай болатынын, Ресей рублі қалай өзгеретінін, оның теңгеге қалай әсер ететінін айтты.

"Бұл көбіне мұнай бағасымен байланысты. Оның қалай өзгеретінін нақты айту қиын. Сарапшылардың мәліметінше, Brent маркалы мұнай алдағы жарты жылдықта, бір жылда дәлізде 50-70 шамасында (бір баррель - бір доллар) өзгереді. Бағаның өсуі де, төмендеуі де мүмкін, әртүрлі пікір бар. Дегенмен алдағы бір жарым жылда 50-70 болғаны ыңғайлы деп ойлаймын. Ал алдағы жарты жылдыққа келер болсақ, бұл 50-60 (мұнайдың баррелі бір доллар) болады, дегенмен Еуроаймақтағы тұрақсыздық пен Қытай қор нарығындағы мәселелерге байланысты 55 немесе 60 болуы мүмкін", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Қайрат Келімбетов мұнай бағасы 50-60 доллар болса, ресейлік рубль де осы диапазонда өзгеретінін айтты. "Мен тағы да ескерткім келеді, Ресей рублі мен Қазақстан теңгесін салыстырған кезде мұның 2013 жылдан немесе 2014 жылдың алғашқы жарты жылдығынан өзгеше екенін, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі талабына сәйкес ол сол кездегі жағдаймен өлшенеді. Алғашқы маусымда РФ инфляциясы 17 пайыз болды, ол жай өзгеріп жатыр, дегенмен әлі де жоғары. Ресей сарапшыларының мәліметінше, ол жыл соңына дейін 12 пайыздан түспейді. Сондықтан да бұл Қазақстандағы инфляция сияқты төмен және ол өткен жылдың желтоқсанында болған теңгерімсіздікті реттейді", - деді ол.

Қайрат Келімбетов өткен алты айда, 2014 жылдың желтоқсанынан шілдеге дейін теңге 182 теңгеден 180-ге түскенін айтты. "Біз теңге алдағы алты айда да осы диапазонда өзгереді деп ойлаймыз, - деді ол. - Бірақ алдағы 12 айда маневр жоғары болу үшін дәлізді кеңейту шешімі қабылданды. Бүгін бізде симметриялық дәліз - минус 15 пен плюс 13, біздің ойымызша өзгермелі курсты анықтаудың өлшенген саясатын жүргізу керек. Сондықтан да біз мұндай саясатты біркелкі әрі тұрақты деп есептейміз. Бұл бізге 2014 жылдың проблемалары мен ішкі нарықтағы белгілі бір қысымдарға на шыдауға үйретті. Бұл алдағы 3-12 айда осы жағдайды сақтап тұра алады деп есептейміз", - деді Қайрат Келімбетов.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай