Балабақша ақысы қай өңірлерде қымбат екені анықталды

15 Наурыз, 10:30
0

Балабақша ақысы қай өңірлерде қымбат екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, балабақша және балаларды дамытуға арналған орталықтардың қызметі бір жылда 0,5 пайызға арзандаған.

"Соңғы жылдарды мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны өсіп жатыр. Бес жылда балабақшалардың саны 7,7 мыңнан 10,3 мыңға дейін өсті. Ондағы балалардың саны 634,5 мыңнан 880,9 мыңға дейін өскен. Педагогтердің де саны артты - 69,7 мың қызметкерден 94,8 мың қызметкерге дейін", - дейді сарапшылар.

Осылайша, наурыз айының қорытындысы бойынша, Қазақстандағы мектепке дейінгі мекемелердегі қызмет көрсету бағасы бір жылда 0,5 пайызға төмендеп, (бір баруы үшін) 810 теңге болған.

Сондай-ақ, бұл қызмет түріне ең көп ақша төлеген өңірлер де анықталды. Олар - Астана тұрғындары (бір баруы үшін) 1940 теңге, Алматы (бір баруы үшін) - 1686 теңге, Ақтау (бір баруы үшін) - 1042 теңге.

Алматы қалалық Білім басқармасының мектепке дейінгі білім беру бөлімінің бас маманы Эльмира Муталляпова биыл 1 наурыздан бастап Алматыда көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін балабақшалардың тегін екенін айтып өтті (екінші баладан бастап). Балаларға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген екен. 

Муталляпованың айтуынша, осыған дейін алматылық ата-аналар балабақшаға ай сайын 18 мың теңге төлеп отырған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай