KASE күндізгі сессиясы кезінде доллар 332,36 теңгеге дейін арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
KASE күндізгі сессиясы кезінде доллар 332,36 теңгеге дейін арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
15 желтоқсанда күндізгі сессияда алғашқы келісім 337,8 теңгемен басталды. Ең төменгі баға - 331 теңге. Сауда көлемі 187,9 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 27 мүшесі қатысты.
Еске сала кетейік, таңғы сессияда доллар 337,8 теңге болған еді. Бұған дейін ҚР Ұлттық банкі 2015 жылғы желтоқсандағы валюта нарығындағы ахуал туралы түсінік берді. Ұлттық банктің сайтында теңгенің айырбастау бағамының негізінен әлемдік қаржы, тауар нарықтарындағы баға ахуалының серпінімен және ішкі нарықтағы шетел валютасына деген сұраныспен айқындалатын факторлардың әсерімен қалыптасатыны айтылады.