Доллар бағамы тарихи рекордтарды әлі де орнатып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар бағамы тарихи рекордтарды әлі де орнатып жатыр © Тұрар Қазанғапов

KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 279,75 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл кезекті рет тарихи рекорд болып отыр. Бірінші сауда 280 теңгемен жасалды. Ең төменгі баға - 278,5 теңге. Ең жоғарғысы - 281 теңге. Сауданың жалпы көлемі 51 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 25 мүшесі қатысты.

Айта кетейік, таңғы сессияда бағам 276,83 теңге болды. Бірақ оған дейін, нақтырақ айтқанда KASE қор биржасының 14 қыркүйек күнгі кешкі сессиясында доллар бағамы 278,54 теңгеге дейін өсті. Бұған дейінгі рекорд 276,75 теңге болған еді. 

Ал бұған дейін Астанада ақша айырбастау пункттерінің жұмысын жаппай тоқтатып жатқаны белгілі болды. "Мұндай қысыммен жұмыс істеу мүмкін емес. Ары қарай жұмыс істеудің мәні жоқ. Адамдар күйгелектеніп жатыр. Үнемі тексеріс, сондықтан да қысым көп. (...) Мұнда қара нарық қызу жұмыс істеп тұр, яғни заңсыз келісімдер өршіп тұр. Қара нарықта жұмыс істеуге көшу керек немесе мүлдем жұмыс істемеген жөн. Біз жұмыс істемеуді ұйғардық, қалғандары қара нарықты таңдап жатыр. Басқа жол жоқ", - деді "Байлык Finance" айырбастау пунктінің иесі Айгүл Салыбекова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети