26 қазан күні KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 278,55 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Саудаға валюта нарығының 18 мүшесі қатысты. Сауданың жалпы көлемі - 53,5 миллион доллар.

Өткен аптаның соңында доллар бағамы 277,51 теңге болды. Ал 22 қазанда - 278,06, 15 қазанда - 277 теңге. Бұған дейін, 14 қазанда 276,66 теңге болған еді.
Айта кетейік, Қазақстанның валюта нарығында 2015 жылдың 31 қазанына дейін кемінде 3 миллиард АҚШ доллары сатылады деп жоспарланып отыр. Доллардың ҚР Ұлттық қорынан түсетіні белгілі болды. Трансферттерді қалыптастыруды жалғастыру үшін доллар теңгеге конвертацияланады.