2 қыркүйек күнгі KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 241,15 теңге болды, бұл өткен күнгі кешке сессиядан 2 теңгеге жоғары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, 1 қыркүйек күнгі соңғы саудада доллар бағамы 239,69 теңге болды. Таңғы сессияда алғашқы келісім 240 теңгемен өтті. Ең төменгі баға да осындай болды. Ал ең жоғарысы - 242 теңге. Саудаға барлығы валюта нарығының 19 мүшесі қатысты. Жалпы көлем 34,35 миллион доллардан асты.

Еске сала кетейік, KASE күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 2015 жылдың 1 қыркүйегінде 238,68 теңгеге тең болды, ал таңғы - 234,94. Өткен тәуліктерден бері бағам 6 теңгеге дейін көтерілді. Бұған дейін экономист Олжас Құдайбергенов айтқандай, KASE доллар бағамының ақша айырбастау пункттері үшін заңды күші жоқ. Сонымен қатар, оның айтуынша, валюта нарығындағы құбылмалы кезеңде ақша айырбастау пункттері қиындыққа тап болады. "Бағам 230-дан 240-қа дейін құбылып тұрғанда ақша айырбастау пункттері қандай бағамды қоюды білмей, таратуды кеңейтеді. Бұл негізінен құқық бұзушылық. Бірақ олар не істей алады?", - деді ол.
Айта кетейік, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.