01 қыркүйек 2015 | 16:11

Күндізгі сессияда доллар бағамы көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

KASE күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 2015 жылдың 1 қыркүйегінде 238,68 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл таңғы сессиядан 3,58 теңгеге жоғары. Еске сала кетейік, 2015 жылдың 1 қыркүйегінде KASE таңғы сессиясы бойынша доллардың орташа бағамы 234,94 теңгеге тең болды. Сағат 11.30-дан 15.30-ға дейінгі күндізгі саудаға валюта нарығының 24 мүшесі қатысты. Келісім көлемі 46,35 миллион доллардан асты. Сауда доллардың 237 теңгеге тең бағамымен басталды. Келісімдегі ең төменгі баға - 237 теңге, ал ең жоғарысы - 239,5 теңге.

Айта кетейік, сағат 10.15-тен 11.00-ге дейінгі таңғы сессияға валюта нарығының 19 мүшесі қатысты. Сауда доллардың 236 теңгеге тең бағамымен басталды. Келісімдегі ең төменгі баға - 234 теңге, ал ең жоғарысы - 236 теңге. Сауда көлемі - 44,1 миллион доллар. Еске сала кетейік, 28 тамыздағы KASE кешкі сессиясы бойынша доллар бағамы 241,61 теңгеге тең болған еді.

Айта кетейік, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети