1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Қаржы-қаражат

Доллар қымбаттай бастады26 қаңтар 2016, 11:14

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 379,81 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шетел валютасы Brent маркалы мұнайдың баррель бағасы 30,83 долларға дейін түскендіктен қымбаттап отыр.

Таңғы сессиядағы алғашқы келісім 379,76 теңгемен жасалды. Сессияда ең төменгі баға 379,5 теңге, ал жоғарысы 380,5 теңге болды. Сауда көлемі 35,1 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 378-380 теңгеге тең.

Еске салайық, кеше 25 қаңтардағы соңғы сессияда доллар бағамы 373,21 теңгеге тең болған еді. Осылайша, шетел валютасы 6 теңгеге қымбаттап отыр.