10 сәуір 2015 15:16

Елбасы: Жаһандық нарық жағдайында бейқамдық пен жеңіл ақшаға орын жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Тұрар Қазанғапов @Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандастарын тиімді жұмыс істеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандастарын тиімді жұмыс істеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз қазіргі нарықтық жағдайда қыста табанын жалап, көктемде ұйқыдан оянып жұмыс істейтін аюдың қағидаты бойынша өмір сүре алмаймыз. Жұмысты күнде істеу керек, әрбір тәулік, қыста да, жазда да. Бәсекелестік заманында бізге ешкім жеңілдік бермейді. Ашығын айтайын, бүгінгі таңда қайраттанып жұмыс істеу жеткіліксіз, жұмысты тиімді одан әрі істей түсу керек. Бар болғаны екі ғасыр бұрын бүкіл өміріне жету үшін 30 мың доллар табу адамға жеткілікті болған. Бірақ өмір, рас, 30-40 жыл болды. Бірақ дегенмен барлығы 30 мың доллар қажет болды. Қазір соны елестету мүмкін бе?", - деді Назарбаев Бейбітшілік Сарайында өткен жастар форумында.

Елбасының айтуынша, егер даму тоқтайтын болса, бәселестер бірден жолыңды жауып, мемлекет кері қарай жылжиды. "Өкінішке қарай, тарих тек екі бағаны біледі: не жеңді, не жеңілді. Өмірде де солай. Сондықтан мемлекет даму үшін сендерге барлық жағдайды жасады, тіпті одан да көп. Өнеркәсіпті дамытып жатырмыз, себебі нарықтық жағдайда мемлекеттің ең басты мәселесі - жұмыс орындарын ашу. Қалғанын адам өзі істеуі тиіс. Жолдарды, электр желісін салып, аграрлық секторды, білім беру мен денсаулық сақтауды дамытып жатырмыз. Ғылымға барлық жол ашық. Инновациясыз, ғылымсыз біз дамыған 30 елдің қатарына ене алмаймыз. Сондықтан жастар, әсіресе ғылымға бара жатқандар, Қазақстанда инновациялардың туылуы үшін, барлығын жасау қажет", - деді ол.

Сонымен қатар, Елбасы форум барысында біреудің асырауында болушылық туралы тақырыпты қозғады. "Көпшілік ескі үрдіспен, ештеңе жасап үлгермесе де жұмыс көлеміне сәйкестендіріп еңбекақыны көтеруді талап етеді. Мұның барлығы әлеуметтік бейқамдық пен біреудің асырауында болушылықты туғызады. Мұндай кезде ересектер өздерін бала сияқты ұстайды. Олар өздері үшін біреу барлығын шешіп береді, барлығын жайдан-жай бере салады, жылай салса немесе сұраса сүйікті ойыншықтарын бірден ұстата салады деп үміттенеді. Ересек өмір ондай емес. Жаһандық нарық жағдайында бейқамдық пен жеңіл ақшаға баяғыдан орын жоқ. Тағы да айтамын: мемлекеттің міндеті жұмыс орындарын ашу. (...) Қалғанының барлығын адам өзі таба білуі тиіс", - деді Президент.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети