26 желтоқсан 2017 00:50

Елбасы қазақстандықтардың зейнетақы жинағы жайлы сұраққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Костанай-АГРО © Костанай-АГРО

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың зейнетақы жинағы жайлы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың зейнетақы жинағы жайлы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәселе бойынша Президент отандық журналистерге берген сұхбатында айтты. Нақтырақ айтсақ, Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстандықтардың өз жинағын алатын күнге жететін мүмкіндігі бар ма?" деген сұраққа жауап қатты.

"Біздің зейнетақы бойынша тәжірибеміз болған жоқ, тәжірибелерді зерттей бастадық. Зерттей келе Чилидің тәжірибесін алдық, бұл Григорий Марченконың қызметі кезінде болды (ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы). Осы тәжірибені енгіздік. Сол кезде жеке компаниялар зейнетақы қаражатын өзінің үлестес компанияларына, үлестес тұлғаларға бере бастады. Жазалап, қаражатты қайтаруға тура келді. Осы қаражаттың бүтіндігін сақтап қалу үшін мемлекетке қайтардық", - деді Қазақстан Президенті.

Назарбаев енді бұл мәселені мемлекеттің реттейтінін атап өтті. "Қаражатты қайда құюды мемлекет шешеді. Зейнетақы қаражаты жұмыс істеуі керек, пайда табуы тиіс. Бұл зейнеткердің өзіне пайдалы ғой. Сондықтан қаражатты игеруді жеке тұлғаларға беруді дұрыс деп есептемеймін. Әзірше осылай орталықтандырамыз, орталық банк, мемлекет бұл жинақтың сақталып, көбейе түсуіне жауапты", - дейді Елбасы.

"Мәселен Норвегияда жақсы тәжірибе бар - олар зейнетақы қаражатын ұлттық қормен біріктіреді, біздегідей. Бірыңғай қор болды, ол халыққа, бәріне сенімді. Осы тәжірибені біз де алуымыз мүмкін. Осы жолда, бірақ мемлекет бұл қаражатты бақылаудан шығармауы тиіс. Мен осыны түсіндім. Қандай жағдай болса да мемлекет зейнеттегі зейнеткерлердің алдында жауапты", - деді Қазақстан Президенті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети