04 қазан 2019 14:30

Ең бай қазақстандықтардың табысы қандай?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Finprom.kz порталының сарапшылары Қазақстандағы ең бай адамдардың табысы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Finprom.kz порталының сарапшылары Қазақстандағы ең бай адамдардың табысы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Портал мәліметі бойынша, елімізде 12,1 миллион ересек адам тұрады. Олардың 96,6  пайызы, яғни 11,7 миллион адамның жалақысы айына 10 мың доллардан кем екен. 

Ал 2,7 пайызы немесе 326 мың адам жылына 10-нан 100 мың долларға дейін ақша табады. Қазақстандықтардың 0,35 пайызының немесе 42 мың адамның табысы 100 мыңнан миллион долларға дейін ауытқиды. Сонымен қатар, тұрғындардың 0,05 пайызы немесе 5,8 мың адам 50 миллион долларға дейін ақша табады.

162 адам, халықтың 0,001 пайызы, жалпы байлықтың 55 пайызына ие. Оның ішінде 112 адам жылына 50-ден 80 миллионға дейін, 45 адам - 80-нен 800 миллионға дейін және бес адам - екі-үш миллиард долларға дейін табыс табады.

2019 жылдың екінші тоқсанында халықтың орташа ақшалай табысы 169,5 мың теңге болған, бұл өткен жылмен салыстырғанда (153,7 мың теңге) 10,3 пайызға артық.

Аудан бойынша жалақысы ең көп өңір - Алматы қаласы 234,9 мың теңге. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 218,8 мың болған. 

Елордада орташа табыс 226,7 мың теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға артық (213,5 мың).

Үздік үштікті түйіндейтін Қарағанды облысы. Бұл жерде халықтың орташа табысы 9,4 пайызға артқан, яғни 199,7 мың теңге (бір жыл бұрын - 182,6 мың).

Табыс бойынша өңірлердің үздік бестігіне Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облысы кірді - тиісінше 198,4 мың және 191,7 мың теңге.

Еліміздің сегіз өңірінде халықтың табысы орташа республикалық есептен төмен. Табысы ең аз Түркістан (100,4 мың), Жамбыл (128,1 мың) және Қызылорда (137,7 мың) облыстары. 

Табыстың негізгі бөлігі еңбек қызметінен түседі: 72,8 пайыз немесе 123,4 мың теңге. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 115,1 мыңға тең болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети