14 қазан 2019 09:52

Ерболат Досаев теңге бағамы туралы пікір білдірді

© Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев доллар бағамының өзгеруі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев доллар бағамының өзгеруі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қыркүйектегі ішкі валюта нарығындағы ахуал мұнай нарығының қысымында болды. 16 қыркүйекте мұнай бағасы барреліне 69 долларға көтерілгеннен кейін, 2 қазанда баррель үшін 57,7 долларға дейін төмендеді. 10 қазандағы жағдай бойынша мұнайдың баррелі 59,1 доллар болды. Нәтижесінде, қыркүйектің басынан 11 қазанға дейінгі айырбас бағамы бір доллар үшін 385,27 - 390 теңге аралығында өзгерді, осы кезеңде әлсіреу 0,5 пайызға тең болды", - деді Досаев үкімет отырысында.

Реклама
Реклама

Ұлттық банктың мәліметінше, 11 қазандағы жағдай бойынша теңгенің курсы бір доллар үшін 389,51 теңге болды, бұл жыл басынан бері 1,4 пайызға әлсіреген. Бүгін, 14 қазанда, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы  айырбастау орындарында доллар 391-392 теңгеден сатылып жатыр. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram