16 қыркүйек 2020 12:08

Қаржы министрлігі 20 мың теңге айыппұл салынатыны туралы хабарламаға пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қаржы министрлігі салық бойынша қарызы бар қазақстандықтарға 20 мың теңге айыппұл есептелетіні туралы хабарламаны жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы министрлігі салық бойынша қарызы бар қазақстандықтарға 20 мың теңге айыппұл есептелетіні туралы хабарламаны жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өткен салықтық кезеңдер үшін берешегі бар азаматтар борышын 1 қазанға дейін өтемеген жағдайда 8 АЕК (20 000 теңге шамасында) көлеміндегі айыппұл есептелетіні туралы хабарлама тарап жатыр.

Қаржы министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтады.

"ҚР Қаржы министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Жеке тұлғалар бюджетке жер және мүлік салықтарын өткен жыл үшін ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін төлеуі тиіс. Көлік салығы ағымдағы жыл үшін 31 желтоқсанға дейін өтеледі. Қолданыстағы ҚР Салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген. Тек салықты уақытылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі», - деді министрліктің баспасөз хатшысы Әлібек Абдилов.

Сондай-ақ,  ағымдағы жылдың аяғына дейін жеке тұлғаларға арналған салықтықрақымшылық үрдісі жүруде. Оның ережелеріне сәйкес, жеке тұлға берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады дейді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети