KASE қор биржасының кешкі сессиясы доллар бағамының 252,26 теңге көрсеткішінде жабылды. Саудаға валюта нарығының 13 мүшесі қатысты. Сауда көлемі - 21,5 миллион доллар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
KASE қор биржасының кешкі сессиясы доллар бағамының 252,26 теңге көрсеткішінде жабылды. Саудаға валюта нарығының 13 мүшесі қатысты. Сауда көлемі - 21,5 миллион доллар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, бүгін ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.
Ал осыған дейін 2015 жылдың 20 тамызындағы таңғы сессия бойынша доллар бағамы 256 теңге болған еді. Бұдан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еркін ауытқу бағамына өтудің себебін түсіндірді. "(...) Еуроодақты қосқанда көпшілік елдер өз валюталарының құнсыздануына жол берді. Экономика бойынша күрделі жағдай туындады, өз кәсіпорындарымыздың бәсекелестігінің әлсірегенін қазірдің өзінде көріп отырмыз, бұл кәсіпорындарда еңбек етіп жатқандарға әсерін тигізеді. "Атамекен" Ұлттық палатасының мәліметінше, көптеген кәсіпорын Ресейге баратын экспорттың төмендеуімен соқтығысты. Оның үстіне олардың өніміне Қазақстандағы нарықтың ресейлік өндірушілері қысым көрсетіп жатыр. Маған келіп жатқан хаттардың, өтініштердің бірнешеуін ғана оқимын. Мәселен, Кентаудағы зауыт Ресейге өнім жеткізуді 47 пайызға қысқартты, ал 50 пайыз жұмысшылары жұмыстарынан айырылған. (...) Алматы ашытқы зауыты өнімі 50 пайызға қысқарып қалған (...) Қазақстан бойынша мұндай мысалдар көп. Қамтамасыз ету, жалақы төлеуде жағдай нашарлап жатыр, қазірдің өзінде бюджетіміздің айналасындағы жағдайдың нашарлағанын байқап отырмыз. Бюджетке 2015 жылы түспеген табыс көлемі - 264 миллиард теңге", - деді Назарбаев Ақордадағы жиында.