22 тамыз 2020 15:36

Қазақстанда 2021 жылы доллар бағамы қанша болатыны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Республикалық бюджет туралы" заң жобасында 2021 жылға арналған доллардың теңгеге шаққандағы есептік бағамы жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Республикалық бюджет туралы" заң жобасында 2021 жылға арналған доллардың теңгеге шаққандағы есептік бағамы жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылға арналған болжамы 86,0 ммиллион тонна мұнайды өндіру көлеміне және мұнай барреліне 35 доллар әлемдік баға мен АҚШ долларына шаққанда теңге бағамы 420 теңгеге сүйене отырып саналды және 1,95 мың теңге болды", - делінген талқылаудағы заң жобасында.

Сонымен қатар, мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер АҚШ долларына шаққанда теңге бағамының 415-тен 420 теңгеге дейін ұлғаюы есебінен 12 200 000 мың теңгеге көбейеді.

Заң жобасында Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға Ұлттық қордан республикалық бюджетке бір триллион теңге сомасында нысаналы трансферттің 2021 жылға арналған жоспарлары туралы хабарланады.

Сондай-ақ, Ұлттық қордан 2021 жылға арналған республикалық бюджетке 2,7 триллион теңге мөлшерінде кепілдендірілген трансферт ұсынылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети