06 қыркүйек 2018 13:59

Қазақстанда балабақша бағасы өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде балабақшалар мен мектепге дейінгі жастағы балаларға арналған дамыту орталықтары бір жылда 5 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап.

Сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, тамызда ата-аналар мектепке дейінгі мекемеге бір күн үшін орташа есеппен 823 теңге төлеген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,1 пайызға жоғары.

Балабақша мен дамыту орталықтары ең қымбат өңірлердің қатарында Астана (бір баруына 1862 теңге), Алматы (1666 теңге) және Шымкент (1023 теңге) қалалары бар. 

"Жалпы 2018 жылдың  II жартысында мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызмет түрлері 84 миллиард теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,2 пайызға көп. Олардың 78,7 пайызы бюджеттік қаражат есебінен көрсетілсе, тағы 21,1 пайызы халықтың өзінің қаражатына және 0,2 пайыз жекеменшік кәсіпорындардың есебінен шыққан", - делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети