18 мамыр 2022 10:55

Қазақстанда Батырхан Шүкеновтің құрметіне коллекциялық монеталар шығарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚР ҰБ Фото: ҚР ҰБ

18 мамырда Қазақстан Ұлттық банкі Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


18 мамырда Қазақстан Ұлттық банкі Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Монеталардың сатылымға шығатын күніне қатысты қосымша ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында жарияланатыны хабарланды.

18 мамырда дарынды композитор және әнші Батырхан Шүкеновтің туғанына 60 жыл толады. Номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монеталары "Қазақстанды монеталар арқылы таны" атты жаңа серияны ашады.

"Street art. BATYR BEINESI жаңа монетасы заманауи өнер мен Батырхан Шүкеновті мәңгі есте қалдыру секілді бірден екі мағыналық желіні біріктіреді. Бұл - ҚҰБ-тың стрит-арт сияқты қазіргі заманғы жастар өнерін қолдауға арналған алғашқы коллаборациялық монета жобасы" - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Монетаның дизайнында Қазақстан стрит-артының ең жарқын жұмыстарының бірі — REPAS командасының "Батыр бейнесі" граффитиі бейнеленген. Авторлардың бастамасы бойынша оны монетаның дизайнында пайдалану құқығы ҚҰБ-қа өтеусіз негізде берілді.

Монеталар proof сапамен күмістен жасалған, сынамасы - 925/1000, салмағы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 миллиметр, номиналы - 500 теңгелік, таралымы - 5 000 дана.

Коллекциялық монеталар нақты құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банк шоттарында аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Күмістен жасалған монеталар кәдесый орамында мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ-тың нөмірлік сапа сертификатымен шығарылады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети