Қазақстанда БЖЗҚ-дан бөлек тағы бірнеше жеке зейнетақы қорын құру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда БЖЗҚ-дан бөлек тағы бірнеше жеке зейнетақы қорын құру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Шығыс бөлігіне қарасты қатаң бақылау қажет. Жинақталған қаржыға қатысты мемлекеттік органдардан берекелі көзқараспен қамтамасыз етуді сұраймын. Мен БЖЗҚ қаржысын пайдалану мәселесін қайта талқылауды жөн санаймын және жалғыз мемлекеттік қордың монополиялық жағдайын ғана емес, екі-үш мықты жеке қордың бәсекелестігін енгізу дұрыс болады деп есептеймін, себебі жалғыз мемлекеттік қордан тиімсіздіктің аса зор қаупін күтуге болады", - деп өз ойымен бөлісті депутат Азат Перуашев зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң жобасын талқылау барысында.
Оның айтуынша, зейнетақы қорының қаржысын тиімді пайдалану мәселесі шешілмеген күйі қалып отыр. "Бұл қазір ақша жетпегендіктен, мәжбүрліктен қолға алынған шара деген кезде, мынаны түсінуіміз керек, біз немен жұмыс істеп жатырмыз, біз мөлшер деген ұғыммен жұмыс істеп жатырмыз ба, әлде түпсіз бөшкемен бе, оған қанша ақша жинасаң да, ол белгісіз бағытта жұмсала береді. Егер біз қаржының пайдалануын қадағаламайтын болсақ, қалай құйсақ та, ол ойықты жаба алмаймыз", - деді Перуашев.
Ол сонымен қатар, медициналық сақтандыру қорына бөлінетін қосымша зейнетақы аударымына көңіл бөлді. "Егер қосымша зейнетақы аударымы жөнінде барлығы түсінікті болса және біз бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін түсінетін болсақ және бұл жаңа ережелермен келісе алатын болсақ, мен медициналық сақтандыру қорына қосымша аударым жасау мен осыған ұқсас схемаларды енгізуге қатысты бизнес-қауымдастықтың жоспарына алдын ала алаңдаушылығымды білдіргім келеді. Алдын ала айтып қояйын, мұндай жаңалықтар, яғни мұндай схеманы қайталау олардың қажеттілігіне қатысты зор күдікті тудырады. Біз бизнеске жаңа әлеуметтік шығын артқанша, бизнестің дамуын ынталандыратын, салық салатын негізді ұлғайтатын, бюджет кірісін көбейтіп, кеңейтетін сауатты экономикалық мехнанизмді орнату керек деп есептейміз", - деді мәжілісмен.
Оның ойынша, бұл шара өзіндік құнның артуына және кіріс бөлігінің төмендеуіне алып келеді. Перуашев ДСҰ мен ЕАЭО-ның бәсекелестік талаптары бойынша бүгін қазақстандық бизнестің тек қосымша жүктемеге емес, қолдау мен сауатты экономикалық басқаруға мұқтаж екенін айтты.
Айта кетейік, зейнетақы қорлары өткен жылдың соңында біріктірілген болатын. 11 қордың қаржысы біртіндеп Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылды. Жеке қорлардан барлығы 3 миллиард теңге мен 6,5 миллион келісімшарт аударылды. Бүгінгі таңда зейнетақы активтері 4,85 триллион теңгеге тең.