Қазақстанда орташа жалақы сәуір айында 136 мың 956 теңгені құрады - ҰЭМ

13 Мамыр 2016, 15:39
0
© ok.ru
© ok.ru

Қазақстанда орташа айлық атаулы жалақы сәуір айында 136 мың 956 теңгені құрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

"2016 жылғы сәуірде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 136 мың 956 теңгені құрады", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, 2016 жылғы наурызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 71 мың 890 теңгені құрады, бұл 2015 жылғы наурызға қарағанда 16,7 пайызға жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,9 пайызға өсті.

2016 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 439,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 4,9 пайызды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2016 жылғы сәуірдің соңына 74,7 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,8 пайыз.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай