Қазақстанда рубльге сұраныс 7 есе өсті. Сарапшылар себептерін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ресей рублі Фото: depositphotos.com

Қазақстанда Ресей валютасына деген сұраныс күрт артты - ақша айырбастау пунктеріндегі рубльдің таза сатылымы бірден жеті есе өсті. Сарапшылар мұндай қызығушылықтың себептерін талдап көрді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда Ресей валютасына деген сұраныс күрт артты - ақша айырбастау пунктеріндегі рубльдің таза сатылымы бірден жеті есе өсті. Сарапшылар мұндай қызығушылықтың себептерін талдап көрді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, наурызда рубльдің таза сатылымы 7,4 миллиард теңге болды. Бұл ақпандағы көрсеткіштен 7 есе артық.

Бұл ретте ақпанмен салыстырғанда наурызда рубль теңгеге шаққанда 5,4 пайыз әлсіреп, орташа айлық бағамы бір рубль үшін 6,10 теңге деңгейінде болды.

Сарапшылар не дейді?

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) талдау орталығының мәліметінше, мұндай динамикаға бірнеше фактор себеп болуы мүмкін.

"Айырбастау пунктері тарапынан рубльдің таза сатылымының өсуі халықтың Ресей валютасына деген сұранысының артқанын көрсетеді және, сірә, біржолғы сипатқа ие. 2025 жыл бойы халық рубльді негізінен сатушы ретінде көрінсе, биылғы жылдың ақпан-наурызында жағдай өзгерді", - деп хабарлады орталық.

Сарапшылардың ақпараты бойынша, рубльге деген қызығушылық маусымдық белсенділік аясында артуы мүмкін.

"Қазақстандықтардың рубль сатып алуы маусымдық және нарықтық факторлардың жиынтығымен, атап айтқанда, Ресей Федерациясына сапарлардың, сатып алулардың және іскерлік операциялардың жандануымен байланысты болуы мүмкін", - деді ҚҚҚ өкілдері.

Сарапшылардың пікірінше, Ресей валютасының әлсіреуі қосымша факторға айналды.

"Бірінші тоқсанда рубль теңгеге шаққанда 5,4 пайыз құнын жоғалтты, сондықтан нарыққа қатысушылардың бір бөлігі қазіргі бағамды сатып алу үшін тиімді деп есептеген болуы мүмкін", - деп түсіндірді қаржыгерлер.

Сондай-ақ елдер арасындағы ақша аударымдарының қозғалысы да өз әсерін тигізіп жатыр.

"Ресей пайдасына бағытталған тұрақты нетто-жылыстау маңызды рөл атқарады. Мәселен, наурызда Қазақстаннан балама түрінде 22,4 миллиард теңге аударылса, небары 3,5 миллиард теңгеге жуық қаражат алынған. Бұл рубльге деген құрылымдық сұранысты қалыптастырып, ішкі нарықта оны сатып алу қажеттілігін арттырады", - деп толықтырды қауымдастық өкілдері.

Бұдан бөлек, сарапшылар қазіргі өсім бұрын жиналған рубль қорының таусылуымен және алдағы шығындарға дайындықпен байланысты болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Мән-жайы

Бұған дейін хабарланғандай, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде қолма-қол ақша мен алтынға бақылау күшейтілуі мүмкін. Ресей одақтас мемлекеттерге, соның ішінде Қазақстанға ірі көлемдегі қолма-қол рубльді шығаруға шектеу қоюды жоспарлап отыр. Егер жоба күшіне енсе, жеке тұлғаларға ақшаның шығу төркіні мен оны пайдалану мақсатын ашу туралы ұсыныс айтылды.

Сонымен қатар, доллар бағамы 2024 жылдың жазындағы деңгейге түсті. Бұл БЖЗҚ зейнетақы активтері валюталық үлесінің азаюына әкеп соқты, осыған байланысты Ұлттық банк биржалық сауда-саттықта 502 миллион доллар сатып алды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 464.9   543.53   6.16 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер