13 қыркүйек 2018 12:53

Қазақстанда ыстық су мен суық су қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Тамыз айының қорытындысы бойынша қазақстандықтар суық судың текше метріне 74,3 теңге төлеген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,7 пайызға көп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сарапшыларына сілтеме жасап.


Тамыз айының қорытындысы бойынша қазақстандықтар суық судың текше метріне 74,3 теңге төлеген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,7 пайызға көп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сарапшыларына сілтеме жасап.

Сарапшылардың зерттеуіне қарағанда, суық судың ең жоғары бағасы Атырау (113,5 теңге) мен Қарағандыда (110,3 теңге) тіркелген.

"Ыстық су бағасы да қымбаттады - бір жылда 6,1 пайызға қымбаттаған. Қазір ыстық судың текше метрі 235,2 теңгеге жетеді. Ең жоғары баға Алматы (текше метрі - 475,2 теңге) мен Қостанайда (текше метрі - 379,9 теңге) тіркелді", - делінген мамандардың зерттеуінде.

Сондай-ақ, қыркүйек айының соңында кәріз жүйесіне жұмсалған қаражаттың көбейгені айтылады. Бір жылда ол көрсеткіш 2,5 пайызға өсіп, қазір текше метріне 48 теңгеге жеткен.

Кәріз жүйесіне көп ақша төлейтін қалалардың тізімінде Қарағанды (текше метріне - 96,4 теңге) мен Қостанай (текше метріне - 80,4 теңге) көш бастап тұр.

Осылайша, сарапшылардың зерттеуіне сүйенсек, бір жылда суық су 6,5 пайызға, ыстық су 7,4 пайызға, ал кәріз жүйесі қызметі 13,2 пайызға қымбаттаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети