25 тамыз 2018 09:56

Қазақстандықтардың несие бойынша қарызы шамамен 6 триллион теңге

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Турар Казангапов © Турар Казангапов

Қазақстандықтар несие бойынша шамамен 6 триллион теңге қарыз, - деп хабарланды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz зерттеуіне сілтеме жасап. 


Қазақстандықтар несие бойынша шамамен 6 триллион теңге қарыз, - деп хабарланды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz зерттеуіне сілтеме жасап. 

Жеке тұлғаларға берілген несие (ЕДБ, МФҰ, онлайн және т.б.) 2018 жылдың маусым айының соңында 5,6 триллион теңге болды, бұл өткен айға қарағанда 2,3% артық.

Сарапшылардың пікірінше, берілген бөлшек сауда несиелердің жартысынан астамы салық салынбайтын несиелер, олардың үлесі бір айда 51,3 пайыздан 51,7 пайызға дейін өсті.

Маусымда бөлшек сауда несиесін беретін онлайн-компаниялардың үлесі небәрі 2 пайыз болды, бұл биылғы ең төменгі көрсеткіш. 

Ал ең жоғарғы көрсеткіш 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында наурызда болған - 4,1 пайыз. 

Онлай-компаниялар интернет арқылы көп жағдайда 15 минутта несиені тез алуды ұсынады. Ең аз пайыз мөлшерлемесі күніне 0,25 тен 1 пайызға дейін, ең танымал пайыз мөлшерлемесі - 0,27 пайыз, ол жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің 100 пайызын көрсетеді. 

Қарызды көбіне 1 айға (30-31 күн) алуға болады. Минимал мерзім - 21 күн, максимал - 365 күн. 

Сегменттегі максимал сома - 300 мың теңгеге дейін. Көбіне таралған сома - 200 мың теңгеге дейін. 

16 шілдеде Ұлттық банк онлайн-несиеге байланысты заңнамаға өзгертулер енгізген. Онда 100 пайыз жылдық мөлшерлемеге шектік уақыт бекітілді деп еске салады сарапшылар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети