Қазақстанға 400 миллион доллардан аса қаржы қайтарылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанға қаражат пен активтерді қайтаруға қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанға қаражат пен активтерді қайтаруға қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның Tengrinews.kz редакциясына берген ресми жауабында Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысы туралы ақпарат берілген.

Ведомствоаралық комиссияны басқаратын бас прокурор бұл мәселе бойынша жұмыс тек ел ішінде ғана жүргізілмейтінін атап өтті.

"Жұмыс ел ішінде де, шетелде де жүргізіліп жатыр. Мысалы, комиссия жұмыс істеген бес ай ішінде мемлекетке залал өтелді және жалпы сомасы 630 миллиард теңгеден аса активтер қайтарылды, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 400 миллион доллардан аса қаражат қайтарылды. Атап айтқанда, Лихтенштейннен 170 миллион доллардан аса, Гонконг пен Біріккен Араб Әмірліктерінен 3 миллионға жуық доллар, ал алыс шет елдерден құны шамамен 230 миллион доллар болатын зергерлік бұйымдар қайтарылды", - деді бас прокурор Берік Асылов.

Ресми мәлімет бойынша, шетелде активтер сатып алынуы мүмкін барлық қаражат еліміздегі экономикалық қызмет есебінен қалыптасқан.

"Қылмыстық активтерді қайтару бойынша жұмыс осында заңсыз әрекеттерді анықтаудан басталғаны анық. Шетелдегі активтерді Қазақстанның пайдасына тәркілеу - өте ұзақ процесс. Өйткені, шетелдік әріптестеріміз мүлікті "тыйым салуды сұраймыз" деген өтінішіміз негізінде ғана бұғаттай алмайды.

Егер бүкіл тізбекті дәлелдемесек - ұрлау немесе басқа да қылмыс дерегін анықтау, оффшорлық аймақтарды қоса алғанда, ұрланған қаражатты шетелге шығару, осы қаражатты белгілі бір нысанды алуға төлеу, онда бұл мүлікті тәркілеуден де, қайтарудан да бас тартылады", - деп атап өтті Берік Асылов.

Осылайша, алдымен заңсыз кіріс анықталады, содан кейін соталды тергеу, содан кейін – сот, кейін – сот шешімі; егер сот активтің заңсыздығын мойындап, оны тәркілеу туралы шешім шығарса, сонда ғана Бас прокуратура қамауға алу туралы халықаралық тергеу тапсырмасын жібереді, оны істің егжей-тегжейі және барлық дәлелмен растайды. Бұл өте ауыр және қиын процесс екенін түсіну маңызды.

Еске салайық, биыл 5 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды, оның жұмыс органы Бас прокуратура болып табылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.19  course up  596.34  course up  6.38  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer