01 қыркүйек 2015 | 17:35

Кешкі саудада доллар бағамы 1 теңгеге көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE кешкі сессиясы бойынша доллардың 1 қыркүйектегі бағамы 239,69 теңгеге тең, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, KASE күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 2015 жылдың 1 қыркүйегінде 238,68 теңгеге тең болды. Кешкі сессияға валюта нарығының 10 мүшесі қатысты. Сауда көлемі 10,5 миллион доллардан асты. Сағат 11.30-дан 17.00 аралығында өткен кешкі сессия 241 теңге бағаммен басталды. Келісімдегі ең төменгі баға - 238,4 теңге, ал ең жоғарысы - 241,05 теңге.

Иконка комментария блок соц сети

Экономист Олжас Құдайбергеновтің айтуынша, KASE доллар бағамының ақша айырбастау пункттері үшін заңды күші жоқ. "Олар соңғы сауданың қорытындыларына қарайды. Ол көрсеткіштер шеңберінде 2 теңгелік диапозонмен белгіленеді. Мысалы сауда 241 теңгемен өтсе, тарату 240-242 теңгемен жүзеге асады. Заңнамалық тұрғыда олар KASE ізімен жүруге міндетті емес, бірақ 2 теңгелік диапазонды сақтаулары тиіс", - деді ол. Сонымен қатар, оның айтуынша, валюта нарығындағы құбылмалы кезеңде ақша айырбастау пункттері қиындыққа тап болады. "Бағам 230-дан 240-қа дейін құбылып тұрғанда ақша айырбастау пункттері қандай бағамды қоюды білмей, таратуды кеңейтеді. Бұл негізінен құқық бұзушылық. Бірақ олар не істей алады?", - деді ол.

Еске сала кетейік, күндізгі сессияда доллар бағамы 238,68 теңге болды. Келісім көлемі 46,35 миллион доллардан асты. Сауда доллардың 237 теңгеге тең бағамымен басталды. Келісімдегі ең төменгі баға - 237 теңге, ал ең жоғарысы - 239,5 теңге. Таңғы сессия бойынша доллар бағамы 234,94 теңге болған еді - жұма күнгіден төмен.

Айта кетейік, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети