01 қыркүйек 2015 17:35

Кешкі саудада доллар бағамы 1 теңгеге көтерілді

© Тұрар Қазанғапов

KASE кешкі сессиясы бойынша доллардың 1 қыркүйектегі бағамы 239,69 теңгеге тең, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, KASE күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 2015 жылдың 1 қыркүйегінде 238,68 теңгеге тең болды. Кешкі сессияға валюта нарығының 10 мүшесі қатысты. Сауда көлемі 10,5 миллион доллардан асты. Сағат 11.30-дан 17.00 аралығында өткен кешкі сессия 241 теңге бағаммен басталды. Келісімдегі ең төменгі баға - 238,4 теңге, ал ең жоғарысы - 241,05 теңге.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram