26 қаңтар 2021 11:21

Қолма-қол ақша Қазақстанның қай өңірлерінде көп қолданылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Тұрғындары қолма-қол ақша арқылы төлем жасайтын Қазақстан өңірлері белгілі болды. Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау облысы төлем карталарын пайдалану бойынша көш бастап тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz басылымына сілтеме жасап.


Тұрғындары қолма-қол ақша арқылы төлем жасайтын Қазақстан өңірлері белгілі болды. Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау облысы төлем карталарын пайдалану бойынша көш бастап тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz басылымына сілтеме жасап.

Қазақстандық және шетелдік эмитент төлем карталарын пайдалана отырып, Қазақстан аумағында қолма – қол ақшасыз жасалған төлем көлемі 2020 жылғы қаңтар - қарашада 30 триллионға жуық теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 2,6 есеге артқан. Бұл рекорд көрсеткіш. Бір жыл бұрын секторда - 2,4 есеге өсім байқалған.

2020 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан аумағында төлем карталары айналымнан қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 66,7 пайыз болды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 44,2 пайыз, ал бес жыл бұрын - тек 10 пайыздан асатын еді.

2020 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан аумағында қолма-қол ақшасыз транзакцияның орташа бағасы 12,2 мың теңге болды. Былтырғы көрсеткіш 11,4 мың теңге. Интернет және ұялы телефон арқылы қолма-қол ақшасыз транзакция сомасы бір жыл ішінде 15,6 мыңнан 17 мың теңгеге дейін өсті, ал POS-терминал арқылы-керісінше 5,3 мың теңгеге дейін қысқарды.

Қолма-қол ақшасыз төлем көлемінің өсуі Қазақстанның барлық өңірлерінде байқалды. Ең елеулі өзгеріс Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тіркелген: 6,8 есе, 2,7 триллион теңгеге дейін.

Сондай-ақ, Жамбыл облысында - алты есе, 824,6 миллиард теңгеге дейін, Қызылорда облысында - 5,4 есе, 653,4 миллиард теңгеге дейін айтарлықтай өсім байқалды.

Төлем карталарын ең белсенді пайдаланушылары - Алматы тұрғындары. Онда картадан түсетін ақша үлесі 78,7 пайыз, одан кейін Нұр-Сұлтан (73 пайыз) және Атырау облысы (65,7 пайыз) тұрғындары.

Тек Қазақстанның екі аймағында тұрғындар қолма-қол ақшамен төлем жасап, төлем картасынан қолма-қол ақша алуды жөн санайды. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында карта бойынша барлық айналымнан қолма-қол ақшасыз төлем үлесі бар болғаны 45,6 пайыз, Шығыс Қазақстан облысында - 47,9 пайыз.

Ақмола облысында төлем карталары қолма-қол ақшасыз төлем жасауға да, қолма-қол ақшаны алуға да бірдей дәрежеде қолданылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети