Қордағылар "Қазинвестбанк" клиенттеріне қаражаттың қайтарылу тәртібін түсіндірді

27 Желтоқсан 2016, 16:21
0
Қордағылар "Қазинвестбанк" клиенттеріне қаражаттың қайтарылу тәртібін түсіндірді -

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры "Қазинвестбанк" клиенттеріне қаражаттың қайтарылу тәртібін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2016 жылдың 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) Басқармасының  № 291 қаулысына сәйкес "Казинвестбанк" АҚ-ның төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде және одан көп рет) тиісінше орындамағаны үшін банктік және өзге операцияларды және бағалы қағаздарнарығында қызметті жүргізуге берген лицензиядан 2016 жылғы 27 желтоқсаннан бастап айыру туралы шешім қабылданды. ҚРҰБ Басқармасының № 468 қаулысына сәйкес 2016 жылдың 26 желтоқсанында банктің уақытша әкімшілік басқармасы тағайындалды, оған банктің барлық басқару органдарының өкілеттіктері көшті. Уақытша басқару әкімшілігі сот тарату комиссиясы тағайындалғанға дейін әрекет етеді", - делінген қордың баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, "Казинвестбанк" АҚ клиенттеріне банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айрылғаны, демек банк қызметтерін жүзеге асыруға құқылы емес екендігі айтылады. Осыған байланысты, заңға сәйкес банкке түсетін қаражаттарды және басқа негіздемені есепке алмағанда, банк лицензиясынан айырылған күннен бастап барлық операциялар (соның ішінде шығыс операциялары) клиенттердің банк шоттары бойынша тоқтатылуы тиіс екен.

"Жеке тұлғалар-салымшылардың есіне саламыз: теңге және шетел валютасындағы депозиттер, төлем карталарындағы ақша және банк шоттары Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының кепілдігімен қорғалған.Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шыққан жағдайда, ҚДКБҚ жеке тұлғалар-салымшыларға кепілдікберілген өтемді төлеуді жүзеге асырады.

Кепілдіктің ең жоғары мөлшері:

- ұлттық валютадағы депозиттер бойынша - 10 миллион теңге;

- шетел валютасындағы депозиттер бойынша - 5 миллион теңге.

Өтемдер  негізгі сома шегінде ғана жүзеге асырылады, банктің есептелген сыйақысына кепілдік берілмейді.Егер де банк салымы шартында сыйақыны капиталдандыру көзделсе, онда капиталандыру сыйақысы негізгі депозит сомасына қосылады  және кепілдік объектісіне айналады", - дейді қордың өкілдері.

Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде ҚДКБҚ,  жұмыс істеп тұрған қазақстандық банктер ішінен агент-банкті таңдап жариялайды және аталған агент-банк "Казинвестбанк" АҚ салымшыларына өтемді төлеуді және есеп айырысу бастайды. Заңнамаға сәйкес, бұл банк қаржылық жағдайы тұрақты, ауқымды филиалдық желісі мен инфрақұрылымы арқасында, салымшыларға қызмет көрсетуге бүкіл ел бойынша мүмкіндік береді. Бұл банк "Казинвестбанк" АҚ салымшыларымен ҚДКБҚ атынан және есебінен жұмыс істейтін болады.

ҚДКБҚ таңдалған агент-банкті жарияланғаннан кейін, салымшылар аталған банктің бөлімшелеріне барып кепілдік берілген өтемді төлеу туралы арыз жазады. Құжаттар агент-банкке келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей агент-банкпен өтемді төлеу іске асырылады.

ҚДКБҚ салымшыларға одан әрі дамыту туралы жағдайды БАҚ арқылы хабардар етеді.Салымшылар депозиттерге кепілдік беру туралы қосымша ақпаратпен және заңнамамен www.kdif.kzарқылы таныса алады. Мамандардың кеңесін Шұғыл байланыс арқылы 8 8000 80 10 20 (қоңырау шалу тегін) немесе +7 (7272) 915-689 телефон нөмірі арқылы аласыздар.

Барлық қызығушылық танытқан сұрақтар бойынша +7(727) 330 00 77 "жедел желі" телефоны бойынша, сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына  +7(727) 278 80 84 телефоны бойынша өтініш жасауға болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай