05 шілде 2016 | 16:44

ҚР Ұлттық банкі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға қажетті есеп жүргізіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сақтау әрі көбейту - Қазақстан Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін басқарудың инвестициялық саясатын іске асырған кезде осы ұстанымды қолдайды. БЖЗҚ инвестициялық саясаты, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі туралы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов толығырақ баяндап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Сақтау әрі көбейту - Қазақстан Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін басқарудың инвестициялық саясатын іске асырған кезде осы ұстанымды қолдайды. БЖЗҚ инвестициялық саясаты, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі туралы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов толығырақ баяндап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пірматовтың айтуынша, қазіргі уақытта Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп зейнетақы активтерін инвестициялаудың тәсілдерін өзгертудің ықтимал нұсқаларын, сондай-ақ оларды жеке компаниялардың басқаруына беру нұсқасын қарастырып жатыр. Бұл шешім қабылданған жағдайда, оның айтуынша, басқарушыларға қатысты міндетті шарттар мен талаптарды белгілеу қажеттілігі туындайды. "Бұл жағдайлар "ұзақ" ақша факторын ескере отырып қалыптастырылуға тиіс, себебі портфельдің құрамы мен құрылымы бойынша аса қатаң шектеулерді белгілеу көп жағдайда активтерді бөлген кезде басқарушылардың инвестициялық қызметін жасанды түрде шектейді. Артық талаптар инвесторларды қысқамерзімді (short­termist) мүдделерге бағдар жасауға мәжбүрлейді", - деп атап өтті Пірматов.

Пірматовтың айтуынша, тұтастай алғанда, зейнетақы активтерін жеке компаниялардың басқаруына беру мәселесі сараланған шешім қабылдауды талап етеді. "Жеке жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға шоғырландыру шамамен 2 жыл бұрын аяқталды. Осыған орай, зейнетақы активтерін басқарудың қолданыстағы жүйесін өзгерткен кезде жеке басқару кезеңіндегі жинақталған тәжірибені де, сол сияқты ағымдағы жүйенің оң жақтарын да ескеру қажет", - деп санайды реттеуші өкілі.

Ол зейнетақы жинақтарын басқару тиімділігінің немесе оларды басқарушылардың тәуекелдің қолайлы деңгейі кезінде нақты кірістілікті қамтамасыз ету қабілеті көптеген факторлармен, оның ішінде осы саладағы мемлекеттік реттеу және қадағалау режімімен айқындалатынын атап көрсетті. "Біздің басты мақсатымыз - қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету", - деп атап өтті ҚР ҰБ басшысының орынбасары.

Ғалымжан Пірматов сондай-ақ қазақстандықтардың болашақта зейнетақы шотынан қаражатты мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді. "Зейнетақы үлгісі статикалық болып табылмайды. Біз бұл мәселені белсенді түрде зерделеп отырмыз және болашақта өздерінің өмірін зейнетақы жасынан кейін қамтамасыз ету үшін жеткілікті жинақтарының деңгейі бар қазақстандықтар үшін осындай мүмкіндік беру дұрыс болар еді, - дейді ол. - Біз тұрақты негізде келіп түсетін зейнетақы жарналарына талдау және мониторинг жүргіземіз, актуарлық есеп айырысу жүргізілуде, әлемдік тәжірибе, зейнетақы жинақтарын алу мүмкіндігі бұрыннан бар елдердің тәжірибесі зерделенуде. Яғни, зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу - бұл болашақта зейнетақы жүйесін жаңғыртудың ықтимал бағыттарының бірі".

Қолданыстағы заңнаманың шеңберінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңда көзделген жағдайлар басталған кезде ғана ықтимал екендігі аталып отыр. "Ең алдымен, зейнетақы жасына жеткен кезде мүмкіндік болады, себебі зейнетақы ақшасының қазақстандықтардың зейнетке шыққаннан кейін қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қатысты қатаң белгіленген стратегиялық мақсаты болады. Қазіргі уақытта БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары есебінен кредитті өтеу мүмкіндігі, жылжымайтын мүлікті сатып алу, емделу, оқу және тағы да басқа қолданыстағы заңнамада көзделмеген", - делінген хабарламада. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети