24 қаңтар 2020 12:42

Кредитті төлей алатын адамға беру керек - Тоқаев

© business-vector.info © business-vector.info

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қаржы жүйесі қазақстандықтар көптеп несие алатындықтан дімкәс екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қаржы жүйесі қазақстандықтар көптеп несие алатындықтан дімкәс екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Басты тенденция - ел экономикасы дамуындағы банк секторының рөлі кері әсерін тигізіп жатыр, яғни, жыл сайын төмендеп жатыр. Корпоративтік секторды несиелеу 8,7 пайызға, шағын және орта бизнесті - 18 пайызға, ал ауыл шаруашылығын несиелеу - 48 пайызға төмендеген. Бұл қарқынды, дәлірек айтқанда, халықты тұтынушылық несиелеудің 24 пайызға өсуіне байланысты болып отыр. Одан бөлек, несиенің үштен екі бөлігі жеке тұлғаларға салықсыз берілген", - деді Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Президент қаржы секторы дімкәс екенін атап өтті.  

"Былтыр қиын жағдайға тап болған жарты миллионға жуық қазақстандықтың қарызы жабылды. 1,2 миллионға жуық азаматтың тұтынушылық несиелері бойынша айыппұлдары мен өсімпұлдарды есептен шығарылды", - деп мәлімдеді Президент. 

Тоқаев Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу агенттігіне осы мәселенің алдын алатын шешім қабылдауға тапсырма берді. 

"Кредитті төлей алатын адамға беру керек. Бізде жеке тұлғаларға берілетін несие 1,4 триллион теңгеге өсіп, жалпы 6,7 триллион теңге болған. Оның өзі қайтарыла ма, жоқ па белгісіз", - деді Президент. 

Мемлекет басшысының сөзінше, былтыр активтердің сапасына шолу жасау аяқталған. Ендігі мәселе - қаржы нарығын тұрақтату. 

"Банк жүйесін ретке келтіру керек. Мұны кейінге қалдырмай, қазірден бастап қолға алу шарт. Себебі салдары қиын болуы мүмкін. Банк секторын қолдау мәселесін нарықтағы жағдайға қарап реттеу керек. Ұлттық банк бір ретін табуы тиіс",-  деп тапсырма берді Мемлекет басшысы. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети