18 тамыз 2015 | 12:59

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қайрат Келімбетов елдің қаржы секторы мен банк жүйесінің ахуалы туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев күрделі экономикалық жағдайға байланысты көп нәрсе Ұлттық банктің жұмысына, сондай-ақ мемлекеттің ақша-несие саясатына тәуелді екенін атап өтті.

"Бюджеттің жағдайының нашарлауына, барлық экспорттық тауарларымызға бағаның төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің жұмысын жоғары біліктілікпен жүргізуі аса маңызды", - деді Қазақстан Президенті.

Ұлттық банк төрағасы биылғы қаңтар мен маусым аралығы кезеңінде инфляция 1,4 пайызға тең болғанын, бұл ретте жылдық инфляция 3,9 пайызды құрағанын айтты.

"Бұл осы уақытқа дейінгі ең төмен көрсеткіш, яғни біз инфляцияны 3-4 пайыз деңгейінде сақтау жөніндегі тапсырманы орындадық. Бұл орайда, Ұлттық банктің жиынтық халықаралық резерві 29 миллиард доллар болды. Салымдар бірінші жартыжылдықта 2,3 пайызға ұлғайды. Сонымен қатар, төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен қарыздар үлесін азайту мәселесі шешілді, бұрын оның көлемі 33 пайызға жеткен болса, қазіргі уақытта ол 9,98 пайызға дейін төмендеді", - деді Қайрат Келімбетов.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске сала кетейік, 15 шілдеде бағамның ауытқу дәлізі доллар үшін 170-188-ден 170-198 теңгеге дейін өзгерді. Сонымен қатар, Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов валютаның жаңа дәлізіне өткеннен кейін теңгенің долларға шаққанда бағамының алдағы бірнеше айда бұрынғы қалыпта қалатынын айтты.
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети