Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Мүлікті заңдастыруға Маңғыстау облысында ең аз өтініш берілген

30 Қыркүйек 2014, 16:33
0
©hint4.me
©hint4.me

Мүлікті заңдастыруға республика бойынша Маңғыстау облысында ең аз өтініш берілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мүлікті заңдастыруға Алматы қаласы мен Алматы облысында ең көп өтініш түсті (694 және 431). Азаматтардың белсенділігі бойынша Қостанай облысы үшінші орынды иеленіп отыр (209 өтініш). Акцияның алғашқы айында ең аз өтініш Маңғыстау облысында берілді - небәрі сегіз", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі ұсынған кестеге қарағанда, Астана мен Қостанай облысында 200-ден астам өтініш түскен. Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облысы тұрғындары 28 өтініштен берген. Қаржы министрлігінің мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияларға барлығы 20 миллиард теңгеге жуық сомаға 2371 өтініш берілген. Оның 90 пайыздан астамы - құны 19 миллиард 33 миллион теңге болатын жылжымайтын мүлік нысандары. Заңды тұлғаларға қатысу үлесін заңдастыруға 13 өтініш түскен, жалпы сомасы - 943 миллион теңге. Қазіргі уақытта 106,3 миллион теңге сомасына 31 нысан заңдастырылған. Бұл мәліметтер Қазақстан аумағындағы мүліктерді заңдастыруға қатысты. Әзірше салық органдарына Қазақстаннан тыс аумақтағы мүліктерді заңдастыруға өтініш түспеген. 

Ұлттық банктің мәліметінше, екінші дәрежелі банктерде ақшаны заңдастыруға жалпы сомасы 1 миллиард 480,8 миллион теңгеге жинақ есепшоттары ашылды, оның 336,1 миллион теңгесі есепшоттан алынған, ақшаны заңдастыру алымы ретінде олардан бюджетке 35,6 миллион теңге төленген.

Еске сала кетейік, Қазақстанда мүлікті заңдастыру шарасы 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтеді. Заңдастырудың алғашқы үш күнінде үш аймақта комиссияларға 200-ден астам адам өтініш білдірді. Жоспар бойынша, Қазақстанда барлығы 12 миллиард долларға дейін заңдастырылуы тиіс.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай