29 желтоқсан 2014 15:33

Мұнай рубль бағамының тұрақтануына кедергі болып тұр - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©discred.ru ©discred.ru

Мұнай рубль бағамының тұрақтануына кедергі болып тұр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне PROFIT Group аналитикалық компаниясының департамент басшысы Глеб Задоя хабарлады. Сарапшының айтуынша, соңғы кездері рубль бағамы салық төлеу үшін валюталық түсімді аударып отырған экспорттаушы компаниялардың есебінен тұрақты болып келген.

Жақында Ресейде салық төлеу мерзімі аяқталды және рубльға деген сұраныс едәуір төмендеді. Аналитиктің айтуынша, ресейлік ақшаның құны тағы да төмендей бастады, бірақ шетелдік ақшаға аудару бағамы әлі де бір қалыпты. "Экспорттаушы компаниялардың салық төлеу мерзімдері аяқталды, енді рубльге сұраныс төмендей береді. Нәтиже көз алдымызда. Мұнай рубль бағамының тұрақтануына еш мүмкіндік берместен, екі аптадан бері әр баррелі 60 доллардан жоғары бағада сатылып келеді", - деді Задоя.

Задояның мәлімдеуінше, көмірсутек бағасын белгілеу ақыры түбіне жетуі мүмкін, енді оның бағасы жаңа жылда көтеріледі, деген болжам бар. Компания аналитиктері 2015 жылдың бірінші тоқсанында доллар бағасы қайтадан 60-70 рубль болады деп күтіп отыр. Айта кетейік, 26 желтоқсанда Мәскеудің банкаралық валюталық биржасында рубльдің бағамы жеткен позициясынан қайта айырыла бастады. Сөйтіп, доллар бағамы бір аптаның ішінде 2,76 пайызға өсіп, 54 рубль, ал еуро 65,99 рубль болды.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети