Қазақстандықтар қай елге көп ақша аударады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар қай елге көп ақша аударады? © Tengrinews.kz

Қазақстандықтар бір айда шетелге 50 миллиард теңгеден аса ақша аударған. Ал олардың шотына 28 миллиард теңге аударылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сарапшыларына сілтеме жасап.


Қазақстандықтар бір айда шетелге 50 миллиард теңгеден аса ақша аударған. Ал олардың шотына 28 миллиард теңге аударылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сарапшыларына сілтеме жасап.

Сарапшылардың мәліметінше, 2017 жылдың қарашасында Қазақстаннан шетелге 50,4 миллиард теңге аударылып, шетелден 27,5 миллиард теңге келіп түскен. Бұл қазан айымен салыстырғанда 868,1 миллион теңгеге аз екен.

"Жалпы 2017 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында шетелге 449,1 миллиард теңге аударылды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 28,9 пайызға (100,8 миллиард теңгеге) кем", - дейді мамандар.

Сондай-ақ, сарапшылар ақша аударымдарының көбіне Ресей Федерациясы, Өзбекстан мен Қырғызстан елдеріне жасалғанын айтып өтті. 

"Ресейге жіберілген ақшалардың үлесі 25,8 миллиард теңгеге, Өзбекстанға жіберілген ақшалардың үлесі 23,5 миллиард теңгеге, ал Қырғызстанға жіберілген ақшалардың үлесі 38 миллиард теңгеге көбейді. Ал шетелден келіп жатқан ақшалардың басым бөлігі Ресейден (144,9 миллиард теңге), Оңтүстік Кореядан (11 айда - 18,8 миллиард теңге) және Қырғызстаннан (15,9 миллиард теңге)", - делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.11   553.92   6.31 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +21
Ақтау +22
Ақтөбе +16
Атырау +22
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +21
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +27
Қызылорда +20
П
Павлодар +16
Петропавл +20
С
Семей +19
Т
Талдықорған +25
Тараз +27
Түркістан +16
О
Орал +17
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер