ҚР Ұлттық банкі 225 миллион долларға кезекті рет интервенция жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық банкі 225 миллион долларға кезекті рет интервенция жүргізді © REUTERS

Қазақстан Ұлттық банкі 30 қыркүйекте 225 миллион долларға интервенция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ұлттық банкі 30 қыркүйекте 225 миллион долларға интервенция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, жүргізілген интервенциялардың жалпы көлемі миллиард доллардан асты. Бұған дейінгі интервенция 29 қыркүйекте жүргізілген болатын. Ол кездегі интервецияның көлемі 137,5 миллион долларға тең болды. Айта кетейік, 1 қазан күнгі таңға сессияда доллардың бағамы - 270,90 теңге.

Бұған дейін Ұлттық банк тамыздағы Қазақстан Республикасының айырбастау орындарының қолма-қол шетел валютасын сатуы және сатып алуы жөніндегі ақпартты жариялады. Доллар бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Алматыда болды. Қазақстан бойынша 1 548,3 миллион сатылып, 997,8 миллион доллар сатып алынған. Нақтырақ айтқанда, Алматыда 649,7 миллион сатылып, 428,69 миллион доллар сатып алынды. Екінші орында Астана тұр, елордада 177,2 миллион сатып алынып, 182,4 миллион доллар сатылған. Үшінші орында - ОҚО, мұнда 74,8 миллион доллар сатып алынып, шетел валютасы екі есе аз мөлшерде сатылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети