24 маусым 2019 09:39

Ресейде 4 күндік жұмыс аптасын енгізу қызу талқыға түсті

© pixabay.com

Ресейде 4 күндік жұмыс аптасын енгізу ұсынысы қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде 4 күндік жұмыс аптасын енгізу ұсынысы қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ел азаматтарынан осы ұсынысқа қатысты сауалнама алған Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының мәліметінше, тұрғындардың жартысына жуығы - 48 пайызы бес күндік жұмыс күні қала бергенін қалайды екен. Себебі олар жұмыс аптасы қысқарса, онда жалақы азаяды деп ойлайды. Мұндай жағдайды бұған дейін премьер Дмитрий Медведев айтқан болатын.

Реклама
Реклама

Ал төрткүндік жұмыс күніне өтуді сауалнамаға қатысқандардың 29 пайызы қолдапты. 17 пайызы болса бәрібір екенін айтса, 6 пайызы жауап бере алмаған.

Сауалнама мәліметінше, қатысқандардың ішінде бастаманы қолдамағандар негізінен 100-500 мың адам аралығындағы шағын елді мекендердің 60 жастан асқан тұрғындары. Ал Мәскеу мен Санкт-Петербург тұрғындары (25-34 жас аралығы) төрткүндікке өтуді қолдаған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram