Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Теңге бағамы осы аптада қандай болады

11 Қаңтар 2016, 14:50
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Сарапшылар қазақстандық валютаның жағдайы осы аптада қандай болатынын Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.

Forex Club сарапшысы Анатолий Ахметовтің айтуынша, мұнай бағасы бір баррель үшін 30 доллар болғанда ғана бағам айтарлықтай өзгереді. "Осы деңгейге жетсе доллар құны 375-378 теңге болуы мүмкін. Мұндай жағдай бола қалса, күрт өзгерісті болдырмау үшін ҚР Ұлттық банкі бағамның реттелуіне араласуы мүмкін", - деді сарапшы.

Егер мұнай бағасы бір баррель үшін 30 доллардан жоғары болса, құнсыздану жай қарқынмен жалғаса береді. "Онда апта соңына дейін теңге 360 долларға жетіп қалуы мүмкін", - деді Ахметов.

"Альпаридің" бас сарапшысы Анна Бодрова болса теңге, рубль үшін мұнайдың негізгі фактор болып қалатынын айтты. "Апта өзгерістерге толы болады: Ресейде де, Қазақстанда да қатысушылардың бәрі саудаға қайта оралады", - деді сарапшы.

Оның айтуынша, теңге мен рубль аптасына 2-5 пайызға шикізатқа тәуелсіз құлдырап отырады, бұл елдің экономикасы үшін қалыпты жағдай.

Бодрова доллардың теңгеге қатысты бағамы 355-359 теңге аралығында болатынын мәлімдеді. "Бұл бар-жоғы 1,1 пайыз ғана, сондықтан доллардың ауытқуы бұдан да жоғары болуы мүмкін. Еуро бағамы 381,5-383,9 теңге диапазонында болады", - деді ол.

Сарапшылар теңге бағамының өткен аптадағы жағдайына қатысты ойларын айтты. Ахметов өткен аптада теңгенің арзандай түскенін жеткізді. "Төрт жұмыс күнінде ұлттық валюта 10 теңгеге арзандады. Сауданың ең төменгі бағасы - 342,98 теңге, ал жоғарысы 359,35 теңге болды", - деді Ахметов.

Бодрованың айтуынша, қаңтар айы қазақстандықтар үшін қиындықпен басталды. Доллар 352 теңге деңгейіне дейін тұрақталды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай