Теңгенің долларға қатысты бағамының ауытқу дәлізі кеңейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теңгенің долларға қатысты бағамының ауытқу дәлізі кеңейді ©Ярослав Радловский

ҚР Ұлттық банкі теңге бағамын өзгертуге шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы банк басшысы Қайрат Келімбетов брифингте айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық банкі теңге бағамын өзгертуге шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы банк басшысы Қайрат Келімбетов брифингте айтты.

"Бағамның ауытқу дәлізін өзгерту туралы шешім бүгін қабылданды. Ертеңнен бастап күшіне енетін болады", - деді Ұлттық банк төрағасы. Сөйтіп, теңгенің долларға қатысты бағамының ауытқу дәлізі 185 плюс/минус 3-тен 185 плюс 3/минус 15-ке дейін кеңейді.

Еске сала кетейік, 3 қыркүйек күні ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов теңгенің долларға қатысты бағамының өзгеруі мүмкін екенін мәлімдеген еді. Келімбетов теңге бағамының 181-ден 179-ға дейін төмендеуі мүмкін екенін түсіндірді. Сондай-ақ ол бағамның 170-ке дейін құлдырау мүмкіндігін де жоққа шығармады.

Ал Ұлттық банк басшысының кеңесшісі Олжас Құдайбергенов Facebook-те теңге бағамының долларына 179-182 теңге аралығында болатынын хабарлады. Дегенмен ол бұл болжамның Ұлттық банктің ресми ұстанымын білдірмейтінін айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети