04 қыркүйек 2014 17:30

Ұлттық банк кеңесшісі теңге бағамына қатысты ойын білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Теңге бағамы долларына 179-182 теңге аралығында болады, бұл туралы ҚР Ұлттық банкі басшысының кеңесшісі Олжас Құдайбергенов өзінің Facebook-тегі парағында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дегенмен ол өз сөзінің Ұлттық банктің ресми ұстанымын білдірмейтінін айтты.


Теңге бағамы долларына 179-182 теңге аралығында болады, бұл туралы ҚР Ұлттық банкі басшысының кеңесшісі Олжас Құдайбергенов өзінің Facebook-тегі парағында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дегенмен ол өз сөзінің Ұлттық банктің ресми ұстанымын білдірмейтінін айтты.

Қазіргі уақытта Ұлттық банктің теңге бағамының ауытқу дәлізін 185 теңге - плюс/минус 3 теңгеден 185 теңге - +3/-15 теңгеге дейін кеңейту туралы шарасы талқыланып жатыр. Құдайбергеновтің айтуынша, екі жайттың болуы ықтимал. "Біріншісі - "Ұлттық банк девальвацияны артығымен жасағандықтан, теңгенің нығаюы мүмкін" деген пікірге байланысты, екіншісі Украинадағы ахуалға және Ресей рубліне қатысты жағдайға байланысты. Егер ақпараттық мағынада Украина мәселесі саябырсыса, онда бірінші жайттың ықтималдығы артады, ал егер соңғы аталған мәселе күшейе түссе, демек екінші пікір беки түседі. Бірақ егер теңгенің сәл нығаюы зиян келтірмей, тіпті, пайда әкелетін болса, оның әлсіреуі тиімсіз болады, онда Ұлттық банк мәселені нығайту жағына қарай басқару қажеттігін түсінетін болады", - дейді Келімбетовтің кеңесшісі.

Құдайбергенов 2009 жылғы девальвациядан кейін Ұлттық банктің 2010 жылғы ақпан айында теңге бағамын өзгертуге шешім қабылдағанын еске салады. Дәлірек айтқанда, ол кезде теңгенің ауытқу дәлізі 150 теңге плюс/минус 3%-дан 150 теңге +10%/-15%-ға (+15 теңге/-22,5 теңге) өзгерген болатын. "Мұндай кең дәлізге қарамастан, нақты бағам долларына 146-147 теңгеге дейін нығайды. Өткен тәжірибе мен қазіргі жағдайды ескерген кезде, мен ойлаймын, қазір теңге бағамы 179-182 теңге аралығында қозғалатын болады", - деді ол. 

Ұлттық банк басшысының кеңесшісі рубль бағамы жөнінде де ойын білдірді. "Осы жылғы ақпан айындағы девальвация кезінде долларға шаққанда рубль бағамы 36,5-ке жуықтады. 20%-ды есептесеңіз, 43,8 болады. Бұл бағамға жақындаған сайын теңгеге жасалатын қысым да көп болады. Басқаша айтқанда, қазір Ресейде инфляция күшейе түсті - бұл инфляция рубльдің әлсіреуі мен теңгеге жасалатын қысымды теңгестіріп тұр. Рубль бойынша 20%-дық әлсіреуді инфляцияны есепке ала отырып қарастыру керек, яғни нақты айырбас бағамы, шектік нүкте 43,8 емес, одан да алыс болады. Соңғысы, Ресейдің жалғыз сауда әріптесіміз емес екенін ескеру керек, тек қана рубль бойынша динамика жеткіліксіз (ол жақтан импорт биыл 23%-ға азайған болатын) болады, мұндай қарқын сыртқы сауда бойынша 3-4 ірі әріптес елде байқалуы керек. Әрине, мұның бәрі келесі жылдың соңына дейін болады (ары қарай болатынын келер жылдың жазында болжауға болады) деу қиын, сондықтан рубльдің сәл-пәл ауытқуын елемеуге де болады", - деді ол. 

Еске сала кетейік, 3 қыркүйек күні ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов банктің осы аптада теңгенің долларға қатысты бағамын өзгертуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Ол теңгені нығайтуға кеңістік бар екенін, теңгенің қазіргі 185 теңге плюс/минус 3 түріндегі ауытқу дәлізін кеңейтуге болатынын айтты. Оның түсіндіруінше, доллардың теңгеге қатысты бағамы 179-181 болады. Келімбетов доллардың теңгеге қатысты бағамы 170 деген межеге дейін құлдырауы мүмкін екенін де жоққа шығармады. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети